BANNER

Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша үздік 10 елдің қатарына енді

Фото: SputnikKZ

ТМД және Орталық Азия елдері арасында Ресей 56-шы, Өзбекстан 59-шы, Қырғызстан 89-шы орында тұр. БҰҰ мәліметінше Қазақстан интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайтын онлайн қызметтер индексі (Online Service Index) бойынша әлем елдерінің үздік ондығына кірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл рейтингте Оңтүстік Корея көшбасшы болды, ол ең жоғары балды алды.

Қазақстан алғашқы ондыққа ілініп, 10-шы орынды иеленді және өзінің технологиялық жетістіктерімен танымал ел — Жапониядан сәл ғана артта қалды.

Салыстыру үшін: ТМД және Орталық Азия елдері арасында Армения 53-ші орында тұр. Ресей 56-шы орында, Өзбекстан 59-шы орында, Қырғызстан 89-шы орында, ал Түрікменстан аутсайдерлер арасында 172-ші орынға тұрақтады.