BANNER

Қар, боран және көктайғақ: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Фото: Canva

"Қазгидромет" синоптиктері 11, 12 және 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қар, боран және көктайғақ

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді, соның салдарынан жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстік бөлігінде боран соғып, 13 қарашада оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жауын-шашын болжанады.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – деп хабарлады синоптиктер.

Ауа температурасы қандай болады?

  • Қазақстанның батысында +8…+18°;
  • шығысында –5…+5°;
  • оңтүстігінде +10…+18°;
  • солтүстік-батысында +2…+13°-тан –5…+10° дейін төмендейді;
  • солтүстігінде +0…+5°-тан –2…–7° дейін төмендейді;
  • орталығында +0…+8°-тан –8…+3° дейін төмендейді;
  • оңтүстік-шығысында +5…+15°, таулы аймақтарда –0…–5°.