Енді жылдамдықты 60 шақырымнан асырған жүргізушілер 157 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бір жылдың ішінде заңбұзушылық қайталанса, бұл сома екі есе өседі. Жаңа ереже бойынша камералар арасындағы орташа жылдамдық есептеледі. Яғни бір "Сергектен" екіншісіне дейін белгіленген жылдамдықты асырмау қажет. Жаңа заң бойынша қарсы жолаққа шыққандарға да жаза күшейді.
Бұдан былай аталған жол ережесін бұзған адам 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер бұл әрекет жол апатына алып келсе, онда 78 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 9 айға куәліктен айыру қарастырылған.
Елімізде орташа жылдамдықты асырғандарға жаңа айыппұл енгізілді

Фото: google