BANNER

Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметтің негізі

Сурет: МҚІА

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайсар Акбаров  Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясында  профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру,  сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне тоқталу болды. Кездесуге, мемлекеттік мекемелердің  әдеп жөніндегі уәкілдері  қатысты.

Жиын барысында Қайсар Ақбаров мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына, олардың мінез-құлқы мен кәсіби этикасының маңыздылығына тоқталып, нақты мысалдар келтіре отырып, Әдеп кодексінің негізгі талаптарын түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.