Желтоқсан айында Шахтинск қаласында “Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” атты антикоррупциялық форум сәтті өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның алдын алу бойынша тиімді шараларды талқылау болды.
Форум аясында қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы өзекті мәселелерді талдап, тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар ортақ күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстанудың негізгі рөлін ерекше атап өтті.
Бұл форум – ел болашағына үлес қосатын маңызды қадам. Баршамыз бірге әділетті қоғам құруға атсалысайық!