BANNER

"Астана - Қарағанды - Алматы" тас жолында көлік киіктермен соқтығысты

Фото: SputnikKZ

Киіктердің жаппай қозғалуына байланысты торлардың бір бөлігі бұзылып, бұл жабайы аңдардың жолға шығуына себеп болды.

 "Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының учаскесінде киіктермен соқтығысты, деп хабарлады LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 17 мамырда сағат 03:00 шамасында республикалық маңызы бар "Астана - Қарағанды (айналма) - Алматы" автожолының 1395 шақырымында, Қарағанды облысының Ошаған ауылының маңында болған.

"Теміртау қаласы бағытында кетіп бара жатқан ВАЗ маркалы автокөлігі киіктермен соқтығысыты. Жол апаты салдарынан жолаушы зардап шегіп, жедел көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

 

Белгілі болғандай, апат болған учаскеде жол учаскесі құрғақ, таза және тегіс. Оқиға болған сәтте қозғалысқа шектеу қойылмаған және жол белгілері нормативтік талаптарға сай енгізілген. Автожолдың бойында жануарлардың шығып кетпеуі үшін торлар орнатылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша киіктердің жаппай қозғалуына байланысты торлардың бір бөлігі бұзылып, бұл жабайы аңдардың жолға шығуына себеп болды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жолдың басқа да учаскелері тексерілді.