BANNER

Алматы тауларында турист қаза тапты

Фото: Gemini ИИ

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Титов асуында, теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктікте екі турист қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан олардың бірі өз күшімен шығып үлгерсе, екіншісі көз жұмды.

Құтқарушылар марқұмның денесін таудан алып түсті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.