BANNER

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Фото: Life09

Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысында жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері 23 қараша күні Астана уақытымен 18:12-де болған.

Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, эпицентр Жаланаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дірілінің магнитудасы – 3,7, энергетикалық класы – 8,6. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.