BANNER

Ақтау әкімдігінде ер адам өзін өртеп жіберді

Фото: pixabay.com

Бүгін Ақтау әкімдігінің ғимаратында елді дүрліктірген оқиға болды. Қала тұрғыны өзіне бензин шашып, тұтатып жіберді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz- ке сілтеме жасап.

Облыстық әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам әкіммен жеке кездесуді талап еткен. Бірақ бүгін облыс басшысы жеке мәселелер бойынша халықты қабылдамайды. Әкімдік қызметкерлері соны түсіндіріп айтқан. Сосын қабылдау болатын күні келуді өтінген.

"Бірақ ол бұл жауапқа қанағаттанған жоқ, үстіне жанғыш қоспа төгіп, тұтатып жіберді. Әкімдік пен полиция қызметкерлері оны өз күшімен өшіріп, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетті", - делінген ресми хабарламада.

Денесі қатты күйіп қалған ер адамды шұғыл Ақтау қалалық ауруханаға жеткізген. Оның жағдайы ауыр. Ал полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша сотқа дейінге тергеу шараларын бастады.