Ақмола облысында 22 жастағы тұрғынға пойызға қасақана зақым келтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға өңірдегі Елтай бекетінде "Көкшетау-Нұрлы жол" жолаушылар пойызын жөнелту кезінде болған.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, пойыздан қалып қойған тұрғын жүргізуші кабинасына тас лақтырып, көлікті тоқтатпақ болған. Соққының күшті болғаны сонша, локомотивтің алдыңғы әйнегі сынып кеткен.
Көліктегі полиция басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, мұндай әрекеттер жүргізушілерді жарақаттап, денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Осылайша сот келіншекті бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 137 620 теңге әкімшілік айыппұл салды.