Испания чемпионатының 35-туры аясында «Барселона» өз алаңында мадридтік «Реалды» жеңді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Бұл кездесуде 4:3 есебімен «Барселона» жеңіске жетті.
Гол соққандар: К. Мбаппе 5, (П), 14, 70, Э. Гарсия 19, Л. Ямаль 32, Рафинья 34, 45.
«Барселона» 82 ұпаймен көш басында келе жатыр. 75 ұпайы бар «Реал Мадрид» чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда екінші орында тұр.