Қарағандыда 3 мамырда облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің дәстүрлі 78-ші жеңіл атлетикалық эстафетасы өтеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған спорт мерекесіне жүгірушілерді шақырады.
Жарыстың ашылуы сағат 10:30-да ту тұғырының алдындағы алаңда (Сарыарқа көшесі) өтеді. Старт сағат 11:00-де басталады.
Жарыс тоғыз топ бойынша өтеді. Олардың әрқайсысында ерлер мен әйелдер жеке басталады.
Жарысқа әдеттегідей мектептер, интернаттар, колледждер, жоғары оқу орындары, әскери оқу орындары, спорт клубтарының оқушылары, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қызметкерлері және жүгіруді қалайтын барлық әуесқойлар қатысады (талап – медициналық анықтама болуы тиіс).
Өтінімдерді қабылдау 28 сәуірде сағат 14:30–15:00 Нүркен Әбдіров атындағы Спорт сарайында (Бұқар жырау даңғылы, 53) өтеді.
Анықтама телефондары: (8-7212) 300-268, 8-771-917-26-33.