BANNER

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды

Әлеуметтік желіден

Ресейлік Mash Telegram-арнасының дерегіне сүйенсек, Нұрлан Сабыров көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінген, нақты айтқанда, көші-қон есебіне тұру мерзімін сақтамаған.

Әзілкешке 5000 рубль көлемінде айыппұл салынған. Енді ол елден шығып, кейін заңды түрде қайта кіруі қажет.

Айта кетейік, әзілкеш Нұрлан Сабыров Ресейде танымал болса да, Қазақстан азаматы.