BANNER

Теміртауда «Дроптар кімдер және қаржы пирамидасына қалай түсіп қалмау керек?» тақырыбында семинар өтті

.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Теміртау қаласының дәрігерлері мен медициналық ұйым қызметкерлеріне «Дроптар кімдер және қаржы пирамидасына қалай түсіп қалмау керек?» тақырыбында семинар өткізді.
Дәріс барысында азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту тетіктері, «дропперлік» деген не және банк карталарын ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, жеке жинақтарды қорғауға арналған практикалық ұсыныстар берілді. Дәрістер презентациялармен және бейнероликтермен сүйемелденді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға, заңнаманы сақтауға және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралы ретінде қызмет етеді.