BANNER

Таразда 73 жастағы ер адам тергеу изоляторында көз жұмды

Pixabay

Таразда пара бергені үшін сотталып, тергеу изоляторында 73 жастағы тұтқын  қайтыс болды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі  Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

73 жастағы ер адам мамыр айында пара бергені үшін істі болған. Тергеу изоляторында апелляциялық шағымның қаралуын күтіп жатқан.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тергеу изоляторында қамауда отырған ер адамның қайтыс болғанын растады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

“Ер адам жүрек ауруымен медициналық ұйым есебінде тұрған. Бұған дейін бірнеше рет емдеу және диагностика үшін денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізілген”, – деп мәлімдеді ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі – жүрек ауруы.