Шахтинскіде жабдықталған конференц-аймағы мен шағын кітапханасы бар тегін коворкинг іске қосылды. Оқу мен жұмысқа арналған заманауи кеңістік бюджет қаражатына жабдықталған.
Жаңа коворкинг автовокзал ғимаратында орналасқан. Бұл конференциялар мен дөңгелек үстелдерге арналған аймағы, жеке жұмыс орындары, ноутбуктері, жұмсақ орындықтары және шағын кітапханасы бар оупен-спейс кеңістігі.
Коворкингте тегін шеберлік сабақтары мен курстар, кездесулер, тақырыптық кештер өткізуге, сондай-ақ үстел ойындарын ойнау үшін компаниялармен жиналуға болады.
Коворкингке бару толығымен тегін. Ол жерге (8-721 56) 5-35-29 нөмірі бойынша алдын ала жазылу арқылы баруға болады.