Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2025 жылғы 24 шілде күні сағат 16.00-де Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72156) 5-38-79 телефоны арқылы және sh_org@akimat09.kz kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.