BANNER

Саранда сумен жабдықтау инфрақұрылымы жаңартылуда

Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Саранда сапалы сумен жабдықтау мәселесі басым бағыттардың бірі. Оны шешу үшін үшінші кезектегі су құбыры желілерін қайта жаңарту жүргізілуде. Бүгінгі таңда 91,8 шақырымның 50 шақырымына жаңа құбыр төселді. Қазір үш жоба жүзеге асырылып жатыр, олар биыл аяқталуы тиіс.

Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың тұрғындармен кездесуінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Угольный ауылында су құбырын салдық. Орталық сумен жабдықтау Дубовкада да пайда болды, онда кент құрылғаннан бері су құбыры жоқ. Тұрғындар тасымалданатын суды немесе өз ұңғымаларын пайдаланған. Алайда тұтынушылар су берудің төмен қысымына шағымданады. Қала әкімі жақын арада бұл мәселе ұңғыманы сорғы станциясына қосу арқылы шешілетініне сендірді.

Бұдан басқа, қосымша су көлемі үшін төрт пайдалану ұңғымасын бұрғылау басталды.

– Су құбыры желілерін салу, құдықтарды орнату, Самозастройка, 5-орам аудандары, Доковская көшесі және 106 кентіндегі үйлерге жалғау жұмыстары жалғасуда. Екінші су көтергішті жаңғырту бойынша трансформаторлық қосалқы станция орнатылды, есептегіштерді монтаждау және сорғы станциясына дейін кабельдер төсеу жұмыстары орындалды. Сорғы станциясы ғимаратындағы құбырлар мен ысырмаларды ауыстыру үшін материал дайындалуда. Екінші су көтергіштегі резервуардың құрылысы аяқталуға жақын, резервуарларды гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады Дарын Бұлқайыр.

Оның айтуынша, сумен жабдықтау желілеріндегі апаттардың алдын алу үшін шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, қосымша сорғы жабдығы мен сорғы станциясын басқару шкафы орнатылған. Желілерде 80-нен астам ысырмалар ауыстырылады.

Ермағанбет Бөлекпаев инфрақұрылымды жаңғырту – Сарандағы бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті. Ол сондай-ақ коммуналдық мәселелерді шешумен қатар су тұтынуды есепке алуды қамтамасыз ету және үнемдеу мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Тозуы 80%-ға жеткен су бұру желілері де жаңартуды қажет етеді. Екі кәріз сорғы стансасының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кәріз желілерін қайта жаңарту да жоспарланған.

Сондай-ақ, жетіспейтін инфрақұрылымды РТИ шағын ауданына жеткізу мәселесі қаралуда. Қазір магистральды жылу, су құбыры және кәріз желілерін салу бойынша жобалар әзірленуде, оларды іске асыруға келесі жылы кіріседі деп көзделіп отыр.