BANNER

Осакаров ауданының Молодежный кентінде жаңа қазандық салынуда

Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан

Осакаров ауданында жылумен жабдықтауды жақсартумен айналысуда. Өткен қыста Молодежный кентінің тұрғындары жаңа блок-модульдік қазандықтан жылынатын. Ол өзін жақсы қырынан көрсетіп, көмірді пайдалануда да үнемдіілік байқалды. Ауыл тұрғындары риза. Қазір ауылда осындай екінші қазандықтың құрылысы басталды.

Құрылыс алаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болды. 

Аймақ басшысына жобаның іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Құрылысшылар іргетасын құйып, қаңқасын көтере бастады. Энергия көзіндегі қазандықтар отандық, қарағандылық болады. Биыл жаңа қазандық пайдалануға берілуі тиіс.

Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапасын бақылауды тапсырды.

– Бұл қазандықты жылыту маусымының басында іске қосу керек, – деп атап өтті өңір басшысы.

Құбырларды оқшаулай отырып, жылу желілерін ағымдағы жөндеуге де назар аударылатын болады.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев Молодёжный кентіндегі «Шабыт» оқушылар сарайына да барды. Ауылда бос тұрған ғимараттардың бірі күрделі жөндеуден өткізілді, қазір мұнда шығармашылық өмір қызу жүріп жатыр.

Балалар қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерде оқиды. 

Тұрғындар көптен бері сұрап келген музыкалық мектеп жұмыс істейді.

Ақбұлақ ауылында облыс әкімі қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген мектепке барды. Ескі ғимаратқа жапсарлас құрылыс салды. Жоба ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.