Шағын және орта бизнесті қолдау құралдары көбейді: Қазақстанда «Өрлеу» жеңілдікті несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 12,6%-дан аспайды, мерзімі - 10 жылға дейін.
«Жаңғыртуға, өндірісті кеңейтуге немесе отандық материалдар мен жабдықтарға көшуге инвестиция қажет пе? «Өрлеу» бағдарламасы - инвестициялық мақсаттарға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін алу мүмкіндігіңіз. Мөлшерлеме - 12,6%-дан жоғары емес, мерзімі - 10 жылға дейін, қайта қаржыландыру бар. Ал егер жоба талаптарға сай келсе, онда «Даму» қорынан кепілдік алуға болады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы.
Қазақстанда тіркелген ШОБ субъектілері қатыса алады. Экономиканың келесі секторлары басымдыққа ие: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.
Өтінімдерді Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank қабылдайды.
Толығырақ - damu.kz сайтында және 1408 нөмірі бойынша.