Қарызға белшеден батудың салдары – ауыр жүк, күнделікті күйзеліс пен тығырықтан шығу мүмкін еместей күй. Дегенмен, маңыздысы – бұл қиындықпен әр адам жалғыз қалмайды. Қарағанды облысында арнайы бағдарлама жүзеге асырылып, азаматтарға қарыздан арылып, жаңа өмір бастауға және ертеңгі күнге сенімін қайта орнықтыруға көмектесіп отыр.
Бүгінде жүздеген отбасы «Қарызсыз қоғам» («Общество без долгов») жобасының мүмкіндігін пайдаланды. «Amanat» партиясы қолға алған бастаманың басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жандардың қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру.
Бұл тек қаржылық сауаттылықты үйрету емес, шынайы «қайта жүктеу». Жоба әр адамға жекелей тәсіл қолданумен ерекшеленеді. Алғашқы қадам – азаматқа жұмыс табуға көмектесу, кейін қарыз мәселелерін шешудің тиімді жолдарын қарастыру. Шешімнің түрлері әртүрлі болуы мүмкін: төлем кестесін қайта қараудан бастап, банкроттық рәсіміне дейін.
Мәселен, Осакаров ауданында бір отбасының сегіз микронесие бойынша 800 мың теңге қарызы және 1,5 миллион теңге банктік несиесі болған. Шарасыз қалған отбасы «Amanat» партиясына жүгінген. Жоба аясындағы оқудан соң заңгерлер банкрот деп тану туралы өтініш беруге көмектесті. Сонымен қатар әйелге де, оның жұбайына да жұмыс табылды, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Қазір олар қарыз құрсауынан құтылып, тек несиеге үміт артпай-ақ жаңа өмір бастауға болатынына сенімді.
Осындай оқиғалар аз емес. Бүгінде облыс бойынша жобамен 22 мыңға жуық адам қамтылған, олардың басым бөлігі қарыз мәселесін шешіп үлгерді.
90 күннен артық өтелмеген қарызы бар кез келген азамат «Amanat» партиясының филиалдарына, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе ауылдық әкімдікке жүгіне алады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттырудың өзектілігін ерекше атап өтті. Президент «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастыру қажет екенін айта келіп: «Негізгі мақсат – тек қарыз жүгін жеңілдету емес, халықты тұрақты табыспен қамтамасыз ету», – деді.
Жоба туралы толық ақпарат пен кеңесті мына телефондар арқылы алуға болады:
Қарағанды: (8-7212) 95-56-01
Саран: (8-72137) 7-90-77
Теміртау: (8-7213) 95-55-55
Балқаш: (8-71036) 4-40-61
Шахтинск: (8-72156) 3-59-47
Приозёрск: (8-71039) 5-26-94
Абай ауданы: (8-72131) 4-22-24
Ақтоғай ауданы: (8-71037) 2-16-84
Бұқар жырау ауданы: (8-72154) 2-10-38
Қарқаралы ауданы: (8-72146) 3-18-99
Осакаров ауданы: (8-72149) 4-13-74
Нұра ауданы: (8-72144) 2-26-55
Шет ауданы: (8-71031) 2-13-38