Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков тағайындалды. Жаңа қызметінде ол агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғи ресурстарды пайдалану салаларына жетекшілік ететін болады.
Руслан Кенжебеков — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылының тумасы. Мемлекеттік қызметте 2002 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Абай ауданы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Қарағанды облысының Әділет департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Облыстық монополияға қарсы инспекцияны, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментін басқарған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде кеңесші қызметін атқарған.
2023–2024 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі болды. Кейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму және бақылау бөлімінде өңірлік инспектор қызметін атқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап жаңа тағайындауға дейін «ORKENDEU» бизнес пен инфрақұрылымды дамыту қауымдастығы» ЗТБ жанындағы Монополияға қарсы саясат комитетін басқарды.