Қарағанды облысы Шет ауданы Майбас қыстағының тұрғыны Арайлым Байдашова бес жылдан бері өз отбасының фермерлік шаруашылығында трактор жүргізуде. Отыз жастағы үш баланың анасы ауыо техниканың құлағында ойнайды, жұбайымен бірге ауыл шаруашылығы жұмыстарының барлық түрлерімен айналысады және басқа ауыл тұрғындарын күрделі жұмыстан қорықпауға шабыттандырады.
Арайлым «есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған. Бірақ оған жермен жұмыс істеген жақынырақ. Олар жұбайымен бірге жылқы мен ірі қара мал өсіреді, қымыз жасайды, шөп дайындайды.
Жас әйел тракторды басқаруды бес жыл бұрын үйренген. Бастапқыда бұл күрделі көрінген, себебі техника ескі болатын, жиі бұзылатын, оны қайта-қайта жөндеуге және тракторды өзі де түсінуге тура келетін. Бірақ күйеуіне көмектесуге деген құлшыныс қиындықтар мен күмәннан да күшті болып шықты.
– Бастапқыда қиын болды, бірақ мен бұл істі атқара алатыныма сенетінмін, өйткені шаруашылықтағы барлығы орынды болғанын қатты қалаймын, – деп еске алады Арайлым.
Байдашовтардың фермерлік шаруашылығында ерлер және әйелдер деп бөлінбейді. Бәрін бірге жасайды. Бұл әсіресе шағын бизнес үшін маңызды, онда әрбір адамның көмегі қажет.
Бір жыл бұрын отбасы жаңа трактор сатып алды. Заманауи техника еңбек өнімділігін арттырып, күнделікті жұмысты жеңілдетті.
– Жаңа техниканың арқасында біз көп нәрсені атқаруға үлгере бастадық. Жақында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан жылдық 5%-бен жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша екінші трактор сатып алуға өтінім бердік. Егер қолжетімді қаржыландыруды ескерсек, онда бізде шаруашылықты сақтап қана қоймай, оны дамытуға да мүмкіндік туды, – дейді ол.
Қазір ауылдарды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мемлекеттің қолдауы, әлеуметтік мәселелерге назар аудару, өмір сүру жағдайларының жақсаруы – осының бәрі жастардың туған жерінде тұрып, жұмыс істеуіне және ауыл өмірінде әлеуетті көруіне септігін тигізетіні сөзсіз.
– Шын мәнінде көптеген жастар ауылда тұрып, жұмыс істегісі келеді, бірақ баспанасыз және қолайлылықсыз өте қиын. Ауылда тұрғын үй беру үлкен серпін болар еді, – деп сендірді Арайлым. – Сондай-ақ мен қыздарға ауылдағы жұмыс пен техникадан қорықпасын дегім келеді. Ауылда да даму үшін мүмкіндіктер бар. Бәрі де өзімізге байланысты.
Фото Байдашовтардың отбасылық мұрағатынан алынған