BANNER

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады

Pixabay

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым - демалыс күндері.
  • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым - демалыс, 7 маусым - жұмыс күні, 8 маусым - демалыс.