BANNER

Қазақстанда ҰБТ күндері өзгерді

Сурет: pixabay.com

Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күндерінің өзгергенін жариялады. Бұл өзгеріс мектептердегі соңғы қоңырау күніне байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті талапкерлер! 23 және 24 мамырда ҰБТ тапсыруға тіркелгендер үшін тестілеу күндері өзгертілді, - делінген ресми мәлімдемеде.

  • 23 мамырға тіркелген талапкерлер енді 25 мамырда тест тапсырады.
  • 24 мамырға тіркелгендер 1 маусымда ҰБТ-ға қатысады.

Ұлттық тестілеу орталығы жаңа тестілеу күні туралы ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінде автоматты түрде жаңартылатынын, сондай-ақ SMS хабарлама арқылы қосымша ескертілетінін мәлімдеді.

Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!, - делінген хабарлама соңында.