BANNER

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Ғалымжан Өтелбайұлы тағайындалды.

Кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппарат отырысында хабарлады.

Ғалымжан Өтелбайұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдаған. Ол тарих магистрі.

Еңбек жолын БАҚ-та бастады. Қазақ радиосында қоғамдық-танымдық бағдарламалардың редакторы, сондай-ақ Қазақстан ҰТА редакторы болған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2012 жылы Қарағанды облысы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, 2016–2018 жылдары Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы болды. 2022–2024 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ президенті қызметін атқарды.