Еліміздің ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт өсіп келеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 537,59 теңгеге сатып алынады және 540,80 теңгеге сатылады. Ал елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 534,67 теңгеден сатып алынады. Ал шетелдік валютаны алам деушілерге 541,68 теңгеге сатылады.
Бүгін таңертең Алматыда доллар 533,43-535,72 аралығында, Астанада 530,55- 537,55 аралығында саудаланған еді.
Өткен апта еліміздің ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт көтеріліп, 531-534 теңгеге жеткенін жазғанбыз.
Еске салайық, 22 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы сәл қымбаттап, 531,96 теңге болды.