BANNER

Қарағанды облысының ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы қалай көмектеседі

Қарағанды облысының әкімдігі

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылы іске қосылды. Оның мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Қарағанды облысында бағдарлама басталғалы кәсіпкерлікті дамытуға 670-тен астам жеңілдікті шағын несие беріліп, мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Биыл 300-ге жуық жобаны қолдау жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға баса назар аудару қажет.

Аймақтағы «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы туралы аппараттық кеңесте баяндалды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Төлебековтың айтуынша, бүгінгі таңда жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге жылдық 2,5%-бен 670-тен астам шағын несие берілген. Жобалардың негізгі үлесі – мал шаруашылығы саласында.

Алдын ала мамандануды анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг өткізілді.

– Аталмыш бағдарламаның арқасында облыста мал басы 2023 жылмен салыстырғанда 16 594 басқа көбейді. 105 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл ауыл шаруашылығы кооперативтері мен жеке қосалқы шаруашылықтарға техниканың 22%-ын жаңартуға мүмкіндік берді, – деді Әнуар Төлебеков.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері 30 млн теңгеге дейін шағын несие ала алады.

Басқарма басшысының мәліметінше, биыл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес саласындағы жобаларға 296 шағын несие беруге қаражат қарастырылған.

– Бюджет қаражатын игеру және осы бағдарлама бойынша жоспарды орындау мақсатында әр ауылдың ерекшелігін ескере отырып, өңірдің KPI-і бекітілді. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында несиелеу үшін үш пилоттық аудан анықталды – Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы. Бұл аудандарда қаражатты «Бір ауыл – бір өнім» қағидаты бойынша кооперативтер құруға жұмсау жоспарланып отыр, – деп хабарлады Әнуар Төлебеков.

Бағдарлама аясында ауылдық округ әкімдері оқытылды.

Мысалы, Бұқар жырау ауданында 21 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 350 жұмыс орны пайда болды. Центральное ауылдық округінде «Ел қазынасы» ӘКК жартылай фабрикаттар өндірісіне мамандандырылатын болады. Көкпекті ауылдық округінде сүт бағытын дамыту туралы шешім қабылданды, жоспарда тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін цех салу көзделген. Ал Ботақарда бағдарламаға қатысушылар ателье мен наубайханасы бар өндірістік кешен салуды бастады.

Қарқаралы ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтері ет және сүт бағыттарын дамытуда.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қолдау көрсету үшін жаңа жобалар тобын құруды тапсырды. «Сарыарқа» ӘКК микрокредиттерді уақтылы беруді қамтамасыз етуі тиіс.