Шымкентте жылқыны көлікке байлап, жол бойымен жүгірткен жүргізуші жазаланды

Фото: Gemini ИИ

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көлікке байланған жылқының көлік соңынан жүгіріп келе жатқанын көруге болады. Оқиға Шымкент қаласында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тартты. Оған жануарларға қатыгездік танытқаны және оларды тасымалдау талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Енді жүргізуші 30 АЕК, яғни шамамен 130 мың теңге төлеуі тиіс.