Еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қатты жел, тұман және көктайғақ болатынын болжайды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында көктайғақ болуы мүмкін. Ал Алматы облысында түнгі уақытта ауа температурасы төмендейді.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, жолда мұқият болуға және сапар алдында ауа райы болжамын ескеруге шақырды.
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: Gemini ИИ