Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады

Сурет: Instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасындағы жекпе-жекті ресми растады. Кездесуде екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынады. Әлімханұлы кәсіпқой рингте 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Якоб Банк те әзірге жеңіліп көрмеген. Белбеу британдық Хамза Шираздың Әлімханұлымен кездесуден бас тартып, титулын босатуынан кейін иесіз қалған еді. Бұған дейін WBO тараптарға келісімге келу үшін 7 қазанға дейін уақыт берген. Енді келісім жасалды, алайда жекпе-жектің өтетін күні мен орны әзірге жарияланған жоқ.

Дереккөз: Бірінші бол телеграм арнасы