Құрлықтық және әлемдік додалар: Қазақстандықтар 19 мәрте тұғырға көтерілді

Фото: Life09

Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогында ұлттық құрама 5 алтын және 3 қола медаль еншіледі.

Индонезияның Бали аралында өткен каратэден Азия чемпионатында қазақстандықтар 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Қытайдың Шаосин қаласында өткен Азия эстафеталық чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас 4×400 метрлік эстафетада алтын медаль жеңіп алды.

Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен семсерлесуден Азия чемпионатында Ирина Бакалдина тарихи алтынға қол жеткізсе, Руслан Құрбанов қола жүлдеге ие болды.

Ал, Германияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ринат Казаченко күміс медаль жеңіп алды.

Қорытындысында Қазақстан құрамасының еншісінде 9 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль бар. Жалпы – 19 медаль!

Дереккөз: ortalyq.kz