Түлектер кортежі бақылауда: Түркістан облысында бірнеше заңбұзушылық анықталды

Фото: Gemini ИИ

Түркістан облысында мектеп түлектерінің кортежіне қатысты жүргізілген тексеру барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, кейбір жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамаған, қауіпсіздік белдігін тақпаған және маневр жасау ережелерін бұзған.

Заңбұзушылық жасаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың көліктері айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар, түлектер мен олардың ата-аналарына жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау және мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.