Көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде түтін байқалған жағдайда сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету маңызды. Қате қабылданған шешім сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндіруі мүмкін. Ең бастысы – үрейге бой алдырмай, түтін басқан аумақ арқылы өздігінен шығуға әрекет жасамау.
Есіңізде болсын: лифтіні пайдаланбаңыз және түтін басқан кіреберіс арқылы өтуге тырыспаңыз. Түтін мен жану кезінде бөлінетін улы заттар ауыр улануға әкеліп, адам өміріне елеулі қауіп төндіреді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету – өмір мен денсаулықты қорғаудың маңызды кепілі. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!