Astana AI Film Festival 2026 байқауына әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Соның ішінен 25 фильм финалға жолдама алды. Олардың арасында қазақстандық екі автордың жұмысы бар.
Байқауда 19 жанрдағы, 80-нен астам генеративті ЖИ моделінің көмегімен жасалған фильмдер ұсынылған. Өтінімдердің ең көбі АҚШ, Қазақстан, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Кореядан түскен.
Фестивальдің жалпы қоры — 2 млн доллар. Оның 1 млн доллары жеңімпаздарға жүлде ретінде берілсе, тағы 1 млн доллары перспективалы AI-командаларды дамытуға инвестиция ретінде бағытталады.
финалистердің фильмдері 2 және 3 қазанда Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығындағы Chaplin кинотеатрында үлкен экраннан көрсетіледі.
Astana AI Film Festival жеңімпаздары 3 қазанда анықталады.
Дереккөз: qazaqstan_aqparat