Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

Сурет: olympic.kz

Жапониядағы ХХ жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық бәсекелер өтіп жатыр.

Ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шығып, иорданиялық Зейад Ишаишпен алтын жүлдені сарапқа салды. Үш раундтың қорытындысы бойынша отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл – Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарында еншілеген оныншы алтын медалі.