Ақмола облысында бір түннің ішінде үш өрт оқиғасы тіркелді. Өрт сөндірушілердің күшімен барлығы дер кезінде ауыздықталды.
▫️ Ақкөл ауданында тұрғын құрғақ шөпті өртемек болған. Алайда жалын бақылаудан шығып, уақытша құрылысқа таралған.
▫️ Атбасар қаласында ер адам пештен шыққан ыстық күлді үй маңындағы ағаш шаруашылық құрылысының жанына төгіп кеткен. Соның салдарынан күл бықсып, түнгі сағат 02:00 шамасында өрт тұтанған.
▫️ Жарқайың ауданында тағы бір өрт тіркеліп, салдарынан 4 тонна шөп жанып кеткен.
Бақытымызға орай, оқиғалардан ешкім зардап шеккен жоқ.
Құтқарушылар тұрғындарға құрғақ шөпті өртемеуді және ыстық күлді ғимараттар мен шаруашылық құрылыстарына жақын жерге төкпеуді ескертеді.
Дереккөз: @sputnik_aitady
Ақмола облысында ыстық күлден өрт шығып, шаруашылық құрылысы өртенді
Фото: Canva