Бүгін – қазақ ән өнерінің дара тұлғасы, ұлттық музыка қорына өлмес мұра қалдырған әйгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
«Қазақ вальсінің королі» атанған композитордың әуезді әндері талай буынның жүрегінен орын алып, халқымыздың қуанышы мен мұңын, сағынышы мен махаббатын әуен арқылы жеткізді. Оның әр шығармасынан туған жерге, елге, адамға деген шынайы сезім мен ыстық ықылас сезіледі.
Шәмшінің «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақмаңдайлым», «Сағынышым менің», «Бақыт құшағында» сынды сырлы әндері бүгінде де сахнадан шырқалып, халықпен бірге жасасып келеді.
Сазгердің жүрекке жол тапқан әуендері уақыт өткен сайын жаңғырып, келер ұрпаққа рухани мұра болып қала бермек.
Ұлы сазгердің есімі мен өнері халқымыздың жадында мәңгі сақталсын! Әсем әндері әлі талай ұрпақтың жүрегінде шырқала берсін!