Шымкентте полицейлер өзен ағысына түсіп, жағадан алыстап кеткен екі қызды аман алып қалды.
Оқиға Қарабастау аумағында болған. Қыздардың өзен ағысына түсіп, ағып бара жатқаны туралы полицияға хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қыздарды судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Дереккөз: Qazaqstan.tv
Шымкентте полицейлер өзенге ағып кеткен екі қызды құтқарды
Фото: ЖИ