... Желтоқсан көтерілісі бойынша сотталғанда мен әлі бала едім. Көп жігіттер әскерден кейін оқып жатты және маған қарағанда естияр болды. Ал, мен небары 17 жаста едім...
Алаңда болғанымды курстасым айтып қойды. Жалғыз мені емес, тағы бірнеше адамның атын атап берді. Ол байғұста жалтаратын жер қалмаған ғой. Алаңда дипломатын қалдырып кеткен екен. Ішінде барлық мәліметі тұр. Біздің группадан әуелі сол алынды тергеуге. Әскерден келген жігіт қой. Осындай қадамға барғанын әлі күнге түсінбеймін...
Сұхбаттың толық нұсқасы видео фильмде...