Gov.kz мәліметінше, маусым айынан тамыз айына дейін Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша күнделікті әуе рейсі орындалады. Ұшуларды QAZAQ Air әуекомпаниясы жүзеге асырады.
Әуе кемесі: Bombardier Q-400 (78–86 орын)
Билет бағасы: бір бағытқа 16 000 теңге
Ұшу кестесі: кейінірек жарияланады
Сондай-ақ, Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша рейс ашуға конкурс өткізіліп жатыр.

