Жазда Астана – Балқаш бағыты бойынша әуе рейсі іске қосылады

Фото: Gov.kz

Gov.kz мәліметінше, маусым айынан тамыз айына дейін Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша күнделікті әуе рейсі орындалады. Ұшуларды QAZAQ Air әуекомпаниясы жүзеге асырады.

 Әуе кемесі: Bombardier Q-400 (78–86 орын)

 Билет бағасы: бір бағытқа 16 000 теңге

 Ұшу кестесі: кейінірек жарияланады

Сондай-ақ, Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша рейс ашуға конкурс өткізіліп жатыр.