BANNER

Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық кездесу өтті

Фото: Приозерск қаласының әкімдігі

2025 жылғы 12 маусымда «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Приозерск қаласының төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық және әділдік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметте ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету.
Кездесуге Балқаш өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қабдыкешов Роллан Мәжітұлы және Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ағартушылық штабының мүшесі Әбішев Жомарт Сүлейменұлы арнайы шақырылған.

Дереккөз: Приозерск қаласының әкімдігі