Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасына мерзімінен бұрын жолдама алды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Instagram парақшасында жазды.
Кеше Семейде өткен кездесуде «Шахтер» «Елімай М» командасын 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, чемпионаттың аяқталуына алты тур қалғанда команда жоғары дивизионға қайта оралуын қамтамасыз етті.
Облыс әкімі футболшыларды, жаттықтырушылар құрамын, клуб басшылығын және жанкүйерлерді маңызды жеңіспен құттықтады. Оның айтуынша, бұл жетістік команданың бірлескен жұмысы мен алға қойған мақсатқа деген сенімінің нәтижесі.
Команданың жетістігі Шахтер күні қарсаңында тіркелуі де ерекше мәнге ие. Бұл мерекенің Қарағанды өңірі үшін маңызы зор.
Облыс әкімі «Шахтер» командасына Премьер-лигадағы алдағы ойындарында сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.