Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады. Кей аймақтарда жаңбыр, көктайғақ, тұман және қатты жел болады.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ күтіледі. Ұлытау, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жел соғып, тұман түседі. Қызылорда және Жамбыл облыстарының батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Ал, Қостанайда желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді, дейді синоптиктер.