Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше ауруханасында операция жасауға кірісті

Сурет: Автордан

Қарағандыда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды. Оның аясында мамандар қаланың бірнеше медициналық ұйымында қатар жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, дәрігерлер травматология және гинекология бағыттары бойынша операциялар жасап, Ұлттық госпиталь мамандары өңірдің медицина қызметкерлерімен практикалық жұмысты қолға алды. Екі күндік бағдарлама хирургияның бес бағытын, пациенттердің қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, зертханалық қызмет және медициналық ұйымдарды басқаруды қамтиды.

.
Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылым дамыған және мамандандырылған көмек көрсету тәжірибесі қалыптасқан. Сондықтан бұл сапар пациенттерге медициналық көмек көрсетумен қатар, өңір мамандарымен кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталады. Медициналық орталық дәрігерлері өңірдегі әріптестерімен бірге жергілікті клиникаларда операциялар жасап, клиникалық жағдайларды талқылап, емдеудің практикалық тәсілдерімен бөлісуде.

Бүгін хирургиялық бағдарлама Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы мен профессор Х.Ж. Макажанов атындағы көпбейінді аурухана базасында өтуде. Травматологтар тізе буынын алмастыру операцияларын бастады. Сондай-ақ гинекология бағыты бойынша аз инвазивті әдістерді қолдану арқылы хирургиялық оталар жасалуда.

.

9 қазанда операциялар басқа медициналық бағыттарбойынша жалғасады. Урологтар шағын тілік арқылыбүйректегі тасты аз инвазивті әдіспен алып тастайды, ал хирургтер өңеш тесігінің жарығыналапароскопиялық ота жасайды. ЛОР дәрігерлері естуқабілетін қалпына келтіруге және мұрын қалқасындағыақауды түзетуге бағытталған операциялар жүргізеді.

Сонымен қатар Облыстық клиникалық аурухана базасында өңірдің медицина мамандарына арналған практикалық және білім беру жұмыстары басталды. Ұлттық госпиталь командасы мейіргер ісі, пациенттердің қауіпсіздігі және инфекциялық бақылау бойынша семинарлар өткізіп, клиникалық жағдайларды талқылауда. Стационардағы инфекциялардың алдын алу, пациенттер үшін ықтимал қауіптерді азайту және медицина қызметкерлерінің шұғыл жағдайларға дайындығына ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, медициналық ұйымдарды басқару жайына айрықша назар аударылды. Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлеріне арналған екі күндік мектеп өткізуде. Бірінші күн көшбасшылық пен эмоционалдық интеллектке арналған. Қатысушылар персоналды басқару, медициналық қызметтерді дамыту және сапа менеджменті жүйесі бойынша сұрақтарды қарастырады.

.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары да Медициналық орталық күндеріне қатысуда. Олар зертханалық қызмет мамандарына біліктілікті тексеру және кәсіби даярлық бойынша сабақтар өткізеді.

Аймақтарға сапардың басты мақсаты – пациенттерге қажетті медициналық көмекті өз өңірінде көрсету және жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу. Бірлескен жұмыс барысында мамандар нақты клиникалық жағдайларды талқылап, заманауи емдеу тәсілдерін практикада қолданады.