Қарағанды облысында кәсіби мерекеге орай су және балық шаруашылығы қызметкерлері марапатталды. Саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың құттықтау хатын оқып берді, сондай-ақ су және балық шаруашылығы өкілдерін құттықтады.
– Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан елдің орнықты дамуының маңызды бөлігі болған және болып қала береді. Сіздер экология, экономика және өмір сүру сапасымен тікелей байланысты бірегей табиғи ресурстармен жұмыс істейсіздер. Әрбір санның арғы жағында – сіздердің еңбектеріңіз, тәжірибелеріңіз бен жанашырлықтарыңызды байқауға болады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Бұл өз еңбегімен елдің орнықты дамуына берік негіз болатын адамдарға деген құрмет белгісі. Мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін рахмет!
Марапатталғандардың арасында ардагерлер, мемлекеттік инспекция өкілдері мен шаруашылық құрылымдарының мамандары бар.
«Құрмет» орденімен су шаруашылығының ардагері Дүйсембай Әбжанов марапатталды. Ол осы мамандықа 50 жылдан астам уақытын жұмсаған.
– Біздің сала қызметкерлерін назарға алып, осындай мерекелік көңіл-күйді қолдағаны өте қуанышты. Бұл өте ынталандырады. Жалақы ғана емес, біздіғ еңбегімізді бағалағаны да маңызды. Бұдан басқа, кәсіптің беделін қалпына келтіреді. Қазір су жүйесінің қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Салада 50 жылдан астам жұмыс істеймін – техникумды бітіргеннен кейін бірден келдім. Қазір де маған жүгінген жағдайда мамандарға кеңестермен көмектесемін. Менің көп жылдық еңбегімді жоғары бағалағаным өте қуанышты.
«Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісіне Қаныш Сәтпаев атындағы канал филиалының Қарағанды пайдалану басқармасының биомелиорация учаскесінің қорықшысы Боранбай Байтасов ие болды.
– Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ІІМ органдарында Сәтпаев атындағы каналға қорықшы болып жұмысқа шақырды. Біз әуесқойлық және кәсіпшілік балық аулауға бақылау жасаймыз, браконьерлерді аулаймыз, – дейді Боранбай Байтасов. – Жұмыс өте ұнайды: күн сайын таза ауада. Күніне 200 шақырымнан жүреміз. Түнгі рейдтерге де шығамыз. Менің еңбегімнің бағаланғаны қуантады. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын!
Сонымен қатар, мамандарға балық шаруашылығы комитеті төрағасының алғыс хаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталары және облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Қазақстанда Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні 9 шілдеде, ал Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні шілденің екінші жексенбісінде атап өтіледі.