Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Кеңес барысында Балқаш қаласы әкімінің мемлекеттік қызмет саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы басшысының мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша атқарылған жұмыстары тыңдалды. Сондай-ақ, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы маманының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жасау және бақылауды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары жайлы айтылды. Отырыс аясында бірқатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер де қаралды. Әдеп нормаларын бұзу деректері кеңес мүшелерінің мұқият сараптамасына алынып, тиісті шешімдер қабылданды. Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп стандарттарын арттыру мақсатында нақты ұсыныстар мен кешенді шаралар әзірленді.
Қарағанды облысында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

Сурет: МҚІА