BANNER

Қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында акция ұйымдастырылды

Фото: Приозерск қаласының әкімдігі

2025 жылғы 13 маусымда Приозерск қаласында «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ ұйымдастыруымен қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акция өтті. Акцияға жалпы 150 адам қатысты. Акцияның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарымен бетпе-бет келген жағдайда әрекет ету тәртібі жөніндегі білімін кеңейту болды.
Шара барысында қала тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Көпшілігі өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтарын қорғау мүмкіндіктері жөнінде ақпарат алды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған іс-шараларды қолдайтындарын білдірді.

Дереккөз: Приозерск қаласының әкімдігі