Еуропада аптап ыстықтан 1300-ден астам адам көз жұмды

Фото: ЖИ ChatGPT

Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 1300-ден астам адам қайтыс болды. Ең көп зардап шеккен елдердің бірі – Франция. Онда 24 маусымнан бері мыңға жуық өлім тіркелген. Қайтыс болғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан азаматтар.

Сарапшылардың айтуынша, Еуропа елдері мұндай жоғары температураға толық бейімделмеген. Себебі тұрғын үйлердің шамамен 20 пайызында ғана кондиционер орнатылған. Соның салдарынан ыстықтың адам денсаулығына әсері күшейіп отыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.